KZ
Өскемен
+7°
пасмурно жел 4 м/с, ОШ
448.15 483.46 4.86

Риддерде қысқы туристік маусымның ашылуы өтеді

6.12.2022, 17:00 668 Ләззат Қанатқызы

ШҚО туристік ақпараттық орталығы Риддер қаласы әкімдігінің қолдауымен 2022-2023 қысқы туристік маусымының салтанатты ашылуына шақырады.

10 желтоқсан күні Риддер қаласындағы "Эдельвейс" тау шаңғысы кешенінде шаңғы маусымының ашылуы өтеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Мереке аясында бірқатар іс-шаралар жоспарланған. Атап айтқанда:

  1. Концерттік бағдарлама
  2. Шайбалы хоккей
  3. Мәнерлеп сырғанаудан көрме қойылымдары
  4. Ит шанамен сырғанау
  5. Тақырыптық фотоаймақтар
  6. Қолөнершілердің шеберлік сыныптары
  7. Шаңғы тебу
  8. Серіктестерден түрлі сыйлықтар
  9. Дискотека

Келушілердің көңіл күйін көтеру үшін қызықты байқаулар ұйымдастырылса, кішкентай қонақтарды ертегі кейіпкерлер, қуыршақтар мен мерекелік атмосфера күтеді.

 "Эдельвейс" тау шаңғысы кешені Риддер қаласы, Попов көшесі, 11 мекенжайында орналасқан. Қосымша сұрақтар бойынша +77475078515 нөміріне хабарласуға болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив