KZ
Өскемен
+11°
пасмурно жел 1 м/с, В
447.4 477.55 4.76

Ұлан ауданында туризм саласы жыл сайын жанданып келеді

29.11.2021, 17:36 247

Табиғаты әсем Ұлан өлкесіне ат басын бұрған демалушылар қатары жыл сайын көбеюде. Әсіресе, Бұқтырма су қоймасы, Сібе көлдері, Шыбындыкөл, Дулығалы көлдері. Шығыс Қазақстан облысының ең тартымды демалыс орындардын арасында жетекші орын алады.

Аудандағы туристік сала жағажайлық, мәдени-танымдық және емдік-сауықтыру кешендерімен дамыту ұсынылған.

Сонымен қатар, "Бизнес аумағын тұрақты дамыту және қолдау қоры" Бозанбай ауылында туризм саласында бизнес бастағысы келетін тұрғындарға оқыту жүргізді. Осыған орай кәсібін дөңгелетем деген азаматар аудан аумағында жалға жер алып, демалыс орындарын салуды қолға алған.

-  Біз қор жетекшілеріне, Толықпаев Серік Құлынбекұлына экономикамыздың осы саласын қолдағаны үшін ризамыз. Сондай-ақ, бүгінгі таңда Аюда, Сібе, Дұлығалы көлдерінде жаңа демалыс базаларының құрылысы жүргізілуде, - дейді Ұлан ауданының әкімі Ренат Құрманбаев.

Сондай-ақ, аудан басшылығының айтуынша, ауданда бұрынғы Ақтау кең байыту комбинатының өңделген шахталары қалған Асубұлақ және Ақтау ауылдарында туризмді дамыту бойынша жұмыстар атқарылуда.

- Бұл шахталар көптеген туристер үшін қызықты. Әрине бұл барлық қауіпсіздік шараларын сақтай отырып жүргізіледі. Сонымен қатар, біздің аудан қала маңындағы әсем табиғатымен, керемет флорасы мен фаунасымен танымал. Аудан аумағында бүкіл елге танымал Ақбауыр және Аблайкит археологиялық ескерткіштері бар. Қазба жұмыстары жүргізіліп жатыр, нәтижесі қазірдің өзінде ғылыми әлемде нағыз сенсация тудырды. Аблакет ауылдық округіне қарасты Бестерек ауылының маныңда Археологтар үйінің құрылысы аяқталуға жақын, бұл мұражай-үй болады, онда түрлі экспонаттар қойылады, - дейді аудан әкімі Ренат Құрманбаев.

Дегенмен, ауданның туристік әлеуетін арттыру үшін бірқатар мәселелер де бар. Ең бірінші кезекте сапалы автожолдарды қамтамасыз ету. Мәселен, Шыбындыкөл көліне баратын жол учаскесінде орман қорынан жер учаскесін шығару бөлігінде проблема бар. Десе де, алдағы жылдары жоспарға сәйкес аталмыш мәселелер өз шешімін таппақ. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив