Маралдыдағы алтын қазушылар: халықтың пікірі екіге бөлінді
Күршім ауданы Маралды ауылында алтын қазушыларға қатысты шу әлі басылмай тұр. Енді халықтың пікірі екіге бөлініп кетті.
Бұған дейін тұрғындар Шешек асуына жиналып, президентке видео-үндеу жасаған болатын. Кейін ШҚО әкімі Даниал Ахметов белсенді топпен кездесу өткізді, деп хабарлайды Altaynews.kz сайты.
Тұрғындар алтын қазушылар тау-тастың астаң кестеңін шығарып, табиғатты бүлдіріп жатыр деп дабыл қағуда. Алтын қазу тоқтамаса, ауру көбейе түседі деп те алаңдайды.
Бұл мәселеге қатысты даудың басталғанына біршама уақыт болып қалды. Ал енді халықтың пікірі екіге бөлініп кетті: біреулер қарсылық танытып жатса, кейбіреулер бұл мәселені көтеріп жүрген адамдардың ауылға ешқандай қатысы жоқ екенін айтып отыр.
Сонымен қатар оқыңыз
Маралды ауылының тұрғындары алтын өндіру фабрикасын салуға наразылық білдірді - КүршімКүршім әкімі: "Шешім шыққанша алтын өндіретін компания жұмысы уақытша тоқтатылады"Бокстан ӘЧ: Қазақстан құрамасы медальдар бойынша үздік үштікке енді"Алтын" BMW мінген адам көшеде жүре алмайды"Алтын белгі" иегерлеріне қойылатын талаптар қатаңдатылмақ