KZ
Өскемен
+9°
переменная облачность жел 3 м/с, В
449.58 486.94 4.86

Шығыста 100 ауылға тасқын қаупі төніп тұр

26.02.2019, 08:37 66

Шығыста 100-дей елдімекенді су алып кетуі мүмкін. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаменті айтты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Абай ауданында – 5, Аягөзде – 4, Бесқарағайда – 10, Бородулихада – 3, Глубокоеде – 10, Жармада – 5, Зайсанда – 5, Алтайда – 12, Катонқарағайда – 8, Көкпектіде – 4, Күршімде – 7, Тарбағатайда – 5, Ұланда – 6, Үржарда – 4 және Шемонаихада 6 ауыл.


Сондай-ақ Өскемен, Семей, Риддер сынды қалалардағы шағын елдімекендерді қосыңыз.


Солардың ішінде әсіресе 14 450 үйге зор қауіп төніп тұр. Осынша үйде 42 мыңдай адам тұрады екен.


Естеріңізде болса, наурыз айының басында күннің +8 градусқа дейін жылынатынын айтқан болатынбыз. Күн жылыса, қар еріп, өзендердің тасуы ықтимал.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив