KZ
Өскемен
+15°
облачно с прояснениями жел 10 м/с, С
446.49 475.38 4.79

«Өскемен-Тәртіп» мекемесі жабылды. Қызметкерлер қайда барады?

26.02.2019, 06:43 183

Облыс орталығындағы «Өскемен-Тәртіп» мекемесі таратылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Қала әкімдігі баспасөз қызметіннің мәлімдеуінше, бұл стандартты тәжірибе, аталмыш мекеме жеке бизнес субъектілерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін жабылып отыр.


– Кәсіпорын жабылғаннан кейін қала тазалаусыз және күтусіз қалмайды. «Өскемен Тәртіп» КМК қызметін заңнамаға сәйкес ашық конкурстар негізінде жеке мердігерлер орындайтын болады. Бұл бәсекелестікті дамытуға және жұмыстарды орындау сапасын арттыруға ықпал етеді – дейді әкімдік.


Баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жергілікті атқарушы органдар кәсіпорынның қызметкерлерін жұмысқа орналастырады. Осыған сәйкес, қайта даярлау жұмыстары жүргізілмек. Қала жолдарына коммуналдық қызмет көрсету саласында жұмыс істейтін жеке меншік кәсіпорындар «Өскемен Тәртіп» қызметкерлерін жұмысқа қабылдауға дайын екендігін мәлімдеген көрінеді.


Ал кәсіпорынның коммуналдық техникасы Өскемен қалалық ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің және қалалық әкімдіктің  «Жаңа Согра» КМК теңгеріміне берілді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив