KZ
Өскемен
+2°
ясно жел 11 м/с, С
444.22 476.38 4.82

Президент Үкіметтің таратылуы туралы Жарлыққа қол қойды

21.02.2019, 14:50 225

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Үкіметінің орнынан түсуі туралы Жарлыққа қол қойып, Премьер-Министрдің міндетін уақытша атқаруды Асқар Маминге жүктеді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі ҚазАқпарат сайтына сілтеме беріп. Бұны Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.  


Жарлықтың мәтінін  назарларыңызға ұсынамыз. Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы Қазақстан Республикасы Конституциясының 70-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:


1.Қазақстан Республикасы Үкіметінің орнынан түсуі қабылдансын.


2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі міндеттерін уақытша атқару Асқар Ұзақбайұлы Маминге жүктелсін.


3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелері Үкіметтің жаңа құрамы бекітілгенге дейін өз міндеттерін атқаруды жалғастыра берсін.


4.   Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.


Қазақстан Республикасының   Президенті                            Н. Назарбаев Астана, Ақорда, 2019 жылғы  21 ақпан


№  845


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив