KZ
Өскемен
+8°
переменная облачность жел 4 м/с, СБ
446.49 475.38 4.79

Семейде ұры кондуктордың ісі ашылып қалды

21.02.2019, 09:24 179

Семейде ұры кондуктор ұсталды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Қалалық полиция бөлімшесіне 28 жастағы тұрғын «Huawei» маркалы 50 мыңдық телефоны жоғалғаны туралы шағым түсіреді. Оның айтысынша, телефонды шубасының қалтасынан автобуста әлдекім ұрлаған болуы мүмкін.


Жедел іздестіру шарасының барысында 26 жастағы кондуктор ұсталды. Ол бұрын істі болған екен. Күдікті телефонды бейтаныс біреуге сатып, ақшасын жаратып қойғанын айтыпты.


Күдіктінің үстінен қылмыстық кодекстің 188-бап 1-тармағы бойынша іс қозғалды.


Тәртіп сақшылары затты жоғалтқан жағдайда уақыт созбай шағым түсіру керектігін айтады. Қаншалықты тез шағым түсірсеңіз, ұрыны да соншалықты тез тауып алуға болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив