KZ
Өскемен
+8°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, ОШ
448.15 483.46 4.86

Пойыздардағы парақорлық: Айына 3 млн теңге көлемінде көлденең ақша табады

21.02.2019, 05:01 137

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюро жүргізген тексеру қорытындысы бойынша, еліміздегі бір пойыз бір айда парақорлықпен 3 млн теңге көлемінде көлденең табыс табады, деп хабалайды Алтайньюс тілшісі.


Жолаушылардың шағымы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 5 ақпанда еліміздің 5 облысында ТЖ-ға арналған кең ауқымды операция жүргізді.


– Агенттік өкілдері пойыздардағы қызмет сапасының төмендеуіне, қауіпсіздік шараларының бұзылуына басты себеп, – жемқорлық деген қорытындыға келді, – деп хабарлады ведомстводан.


Тексеру нәтижесінде азаматтардың көбінесе жолсеріктерге билетсіз міну үшін және қораптар мен пакеттерді салу үшін пара беретіндігі анықталды. Желілік ішкі істер бөлімдерінің қызметкерлері 20-30 мың теңгеден пара алады. Көліктік бақылау инспекторлары (ИТК) - 20-30 мың теңге, тексерушілер 30-40 мың, вокзал бойынша кезекші 8-10 мың теңге көлемінде оңай олжаға кенеледі екен.


– Орта есеппен, 1 пойыз 1 күн ішінде 100 мың теңгеге дейін пара жинайды, айына бұл орташа есеппен 3 млн теңге болады, – деп мәлімдеді Агенттік.


Арнайы операция барысында тек 5 облыста 51 қызметкер ұсталды.


«ТЖ көлігіндегі қылмыстық бизнес өсіп келеді. Бұл қаражат қайда баратыны түсініксіз», - деп қосты агенттік өкілдері.


Олардың айтуынша, аталмыш қылмыстар үшін алдымен темір жол қызметкерлері жазаланады, сондай-ақ пара ұсынған азаматтардың өздері де қатаң жауапкершілікке тартылады. Себебі ол алдымен өзін, содан кейін өзгелерді құқық бұзушылыққа итермелейді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив