KZ
Өскемен
+9°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, СШ
449.58 486.94 4.86

Өскеменде бес жерге жаңа бағдаршам орнатылады

20.02.2019, 11:07 161

Өскеменде бес жерге жаңа бағдаршам орнатылады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Жол қозғалысын реттейтін электронды құрылғы 4 көше қиылысына орнатылады: Шәкәрім мен Красина, Қазыбек би даңғылы мен Өтепов көшесі, Пограничная және Восточная, Молдағұлова мен Энтуазиастов көшесі.


Бесінші бағдаршам Пушкин атындағы облыстық  кітапхананың маңына орнатылады. Себебі тұрғындардың айтуынша, бұл көшеде көлік ағыны көп болғандықтан, жолдың арғы бетіне өту қиын әрі қауіпті.


   – Қазір біз байқау жүргізіп жатырмыз. Көп ұзамай бағдаршамдарды орнатумен айналысатын мердігер анықталады. Құрылғыларды көктемде немесе жаздың басында іске қосуды жоспарлап отырмыз, – деді Полициясы басқармасы жол-техникалық инспекциясы бөлімінің бастығы Сергей Коваленко.


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив