KZ
Өскемен
+7°
переменная облачность жел 5 м/с, СБ
446.49 475.38 4.79

Қазақстанда ұрлықты қайта жасағандарға жаза қатаятын болады

16.02.2019, 03:47 158

Ұрлықты қайта жасағандарға жаза қатаятын болады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Бұл туралы Әділет министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті.


2-ақпан күні Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексіндегі түзетулер заңды күшіне енді. Түзетулерге сәйкес, қайталанған ұрлық фактісі аса ауыр қылмыстардың санатына жатқызылады.


Осылайша қылмыскерлер қарсылас тараппен бейбіт келісімге келу арқылы жауапкершіліктен жалтара алмайды екен. Сондай-ақ, айыппұл төлеумен де құтылып кете алмайды.


Бұған дейін ұрлықты қайталап жасағандарға бес жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе айыппұл салу жазасы қолданылған болатын. Енді бұл мерзім жеті жылға дейін ұзартылып отыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив