KZ
Өскемен
+10°
ясно жел 9 м/с, С
443.85 474.3 4.8

ШҚО-да балалардың мектеп формасына жарты миллиард теңге бөлінеді

15.02.2019, 10:07 121

Бүгін «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының ХХІІ конференциясында облыс әкімі Даниал Ахметов Жаппай оқу қорының жиынтық көлемін 3 пайызғы немесе 500 миллион теңгеге көтеруді тапсырды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Қалалар мен аудандар әкімдіктері бұл қаржыны аз қамтылған, оның ішінде көпбалалы отбасылардан шыққан мектеп оқушыларына форма сатып алуға бағыттайды.


Аймақ басшысы норматив бойынша Қор көлемі аудандар мен қалалар бюджеттерінде қарастырылған мектептерді ағымдағы күтіп-ұстау шығындарының кем дегенде 1 пайызын құрауы тиіс екенін атап көрсетті. Қор қаржысы аз қамтылған отбасылар балалары үшін ыстық тамақтандыруды ұйымдастыруға, киім-кешек, аяқ киім, мектеп керек-жарақтарын алуға, сауықтыру мен жазғы демалысқа бағытталуы тиіс.


Облыста Жаппай оқу қорының көлемі бүгінгі таңда 2,2 пайызды немесе 1,4 миллиард теңгені құрайды. Қазіргі уақытта аз қамтылғандар қатарындағы бір оқушыға (олардың жалпы саны 28700) 48780 теңгеден келеді. Алайда, тәжірибе көрсетіп отырғандай, осы қаражаттың 85 пайызы, яғни 1,21 миллиард теңгесі мектеп оқушыларын ыстық тамақпен қамтуға жұмсалады.


500 миллион теңге көлемінде бөлінген қаржы ата-аналар үшін айтарлықтай жәрдем болмақ. Жаппай оқу қорынан бұрын бөлінген қаржымен қосқанда форманы сатып алуға кететін көмектің жалпы мөлшері 1 балаға 22 мың теңгені құрап отыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив