KZ
Өскемен
+9°
переменная облачность жел 7 м/с, Ю
448.15 483.46 4.86

ШҚО-дағы көпбалалы отбасылардың балалары балабақшаға тегін баратын болды

15.02.2019, 10:04 147

Бүгін «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының ХХІІ конференциясында Облыс әкімі Даниал Ахметов көпбалалы отбасылардың және мүмкіндігі шектеулі балалардың барлық ата-аналары балабақшадағы тамақтану бойынша ата-аналар төлемінен толық босатылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Мемлекеттік балабақшалардағы ата-аналар төлемін өтеу үшін облыстық бюджеттен 245 миллион теңге бағытталатын болады.


Облыс әкімі бизнес өкілдерін де әлеуметтік жауапкершілік танытуға үндеп, көпбалалы отбасылардың балаларын жеңілдікпен қамтуға шақырды. Мұндай мысалдар Семей қаласында бар, онда 18 жекеменшік балабақшадағы  көпбалалы отбасынан шыққан 49 бала тамақтану үшін төлемнен босатылған.


Естеріңізге салар болсақ, Шығыс Қазақстанда 3 жастан 6 жасқа дейінгі барлық бүлдіршіндер мектепке дейінгі біліммен қамтылған. Өңірде жекеменшік балабақшаларды мемлекеттік-жекеменшік серіктестік тегершігі бойынша жалпы сомасы 11,7 миллиард теңгеге қаржыландырудың ұзақмерзімді бағдарламасы қабылданған. Жеке бизнестің балаларды күтіп-ұсатауға кетірген жыл сайынғы шығындарын облыстық бюджеттен өтеу мөлшері 2,5 миллиард теңгені құрайды.


Атап өтерлігі, қазіргі кезде облыстың мектепке дейінгі ұйымдарында көпбалалы отбасылардың 1736 баласы оқуда, оның ішінде 188 бала жекеменшік балабақшаларға барады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив