Өскеменде үш автокөлік соқтығысты (видео)

Өскеменде бірден үш көлік көше қиылысында соқтығысты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Жол-көлік оқиғасы бүгін таңғы уақытта Абай даңғылында болды.
"Гавань көпірі" аялдаманың тұсында Mazda, Honda және жапондық маркалы автокөлік бір-біріне соқтығысты.
Оқиғаның бейнежазбасы әлеуметтік желіде таралып жатыр.
Көліктердің соқтығысуына көктайғақ әсер еткен көрінеді.
130
0
0
Сонымен қатар оқыңыз