KZ
Өскемен
+3°
ясно жел 7 м/с, С
444.22 476.38 4.82

Келесі жылы Катонқарағайда әуежай құрылысы басталады

12.02.2019, 08:07 165

Катонқарағай ауданында әуежай салынуы мүмкін, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Аудан орталығы саналатын Үлкен Нарын ауылында әуежай бұрын да жұмыс істеген. Тоқсаныншы жылдары жеке меншікке өткен нысанның инфрақұрылымы толықтай тоналған. Ал иесі оның орны мен қаңқасы үшін қомақты қаражат сұрап отыр. Аудандық әкімдік пен кәсіпкер ымыраға келмеуі салдарынан, Катонқарағай ауданына әуе арқылы тікелей турист тарту мүмкін болмай келген. Бұл мәселені облыс әкімдігі қолға алып, жаңа нысан салу арқылы шешпекші.


«О баста ескі әуежайды қайта жарақтау көзделген. Қазіргі иесімен келісімге келе алмадық. Сондықтан, ескі нысанның жанынан жаңа әуежай салу керек деп шештік. Өйткені, ол орын сейсмикалық және геодезиялық тұрғыдан әуежайға өте қолайлы әрі қауіпсіз. Аудандық әкімдік әуежай ғимаратын салады. Ал қиыршық асфальтсіз ұшу-қону жолағын облыстық бюджет арқылы төсейміз. Осылайша, Катонқарағайға келетін туристер шағын ұшақтар арқылы Алматы мен Астана сияқты қалалардан Өскеменге қонбастан, тікелей қатынайтын болады» - дейді облыстық жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Нұржан Жұмаділов.


Әзірге әуежай қандай көлемдегі ұшақтарға арналатыны, жобаның қанша қаржы талап ететіні белгісіз. Жобалау жұмыстары биыл аяқталса, Құрылыс жұмыстары 2020-2021 жылдары жүреді деп күтілуде.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив