KZ
Өскемен
+4°
облачно с прояснениями жел 2,3 м/с, З
444.32 473.33 4.76

Алматыда жоғалып кеткен өскемендік жігіттің денесі табылды

11.02.2019, 03:59 170

Алматыда жоғалып кеткен өскемендік жігіттің денесі табылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі Тенгриньюс сайтына сілтеме беріп.


24 жастағы Әлихан Қапанов 6 ақпан күні із-түссіз кеткен болатын. Оның денесі табылғандығын Алматы қалалық полиция департаменті растады. Алдын ала мәлім болған ақпаратқа сенсек, жас жігіт үсіп қалған.


– Денеден кісі қолынан қаза таппағанын байқауға болады. Бірақ нақты себепті медициналық сараптама қортындысына қарап айта аламыз, – деді департаменттің баспасөз хатшысы.


Естеріңізде болса, әлеуметтік желіде қаза болған жігіттің 6 ақпан күні сағат 16:30-дар шамасында үйден шығып кеткендігі туралы туыстары мен достары айтып, іздеу жариялаған болатын.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив