KZ
Өскемен
+3°
дождь жел 2,5 м/с, ОШ
448.15 483.46 4.86

Тарбағатайда республикалық бүркітшілер сайысы өтті

6.02.2019, 11:05 196

Барқытбел баурайын биылғы ақпан айының басы тағы да қыраның піштәгі тербеді. Тағы да дейтін жөніміз бар. Осымен 13 мәрте өтіп жатқан респубикалық бүркітшілер қансонары осымен төртінші мәрте Тарбағатай тауының күнгейі мен теріскейінде өтіп келеді. Бұған дейін Үржар ауданында екі, Аягөз ауданында бір мәрте өткен бауашар биылғы жылды Тарбағатай ауданының еншісіне бұйырыпты. 2016 жылдан бері Шығыс жеріне үзіліссіз келіп жатқан құсбегілер тойына бізде қатысып қайттық.


«Тұғыр жабарға» тұлпар берді


Екпін ауылының атшабарында өткен құсбегілер сайысына еліміздің 12 облысынан 40 құс келді. Оның ішінде қасқыр алған қанды балақ қыран да, қарсақ ілер қаршыға да, үйрек қуып, қаз ілген ителгісі де бар.


Неге біздің облыста үзіліссіз төрт жыл қатарынан құсбегілер сайысы өтіп келеді? Мұның жауабы біреу ғана. Шығыста кенжелеп қалған ұлттық өнерге соңғы жылдары Үржар өңірінің бүркітшілері бел шешіп кіріскен. «Алтай» атты құсбегілер федерациясын құрып, оған жетекшілік етіп келе жатқан Тәттімбет Кәпұлы бастаған үржарлық құсбегілер енді осы саланы облыс аумағына насихаттауды мықтап қолға алған.


Бұл жолғы сайысқа Үржар ауданынан 8 бүркіт қатысқаны соның дәлелі. Сайыстың Тарбағатай ауданында өтуіне мұрындық болған белгілі ұлтжанды азамат Бәделхан Кәмелханұлы мен Гумелев атындағы ЕНУ-дың ректоры Ерлан Сыдықов екенін айта кеткен ләзім. Жеңімпаздарды марапаттау сәтінде де осы азаматтардың сый-сыяпаты арнайы тапсырлды.


Екі күнге жалғасқан жарыс жергілікті халық үшін шынында қызықты өтті. Өйткені бұл жергілікті халық арасында бүркітшілер сайысы былай тұрсын, томағалы құстың тұғырдағы сәтін көргендері некен-саяқ көрінеді. Қазақылықтың қаймағы бұзылмаған өңірдің бір кем дүниесі осы екенін аңғарған белгілі аңшы Ерзат (Шойтабан) Байқадамов қолындағы қыранын шараның өтуіне өз үлесін қосқан ақсуаттық азамат Саят Садуановқа сыйлады. Қолына қондырған құсы жоқ болғанымен тарбағатайлық азамат та дәстүрден жаңылмаған ер екен. Саятшылардың «тұғыр жабар» дәстүрі бойынша Шойтабанға ат мінгізді. Міне сізге рухани жаңғырудың нағыз үлгісі керек болса! «Аюды арқанмен ұстап жүрген Шойтабанға бір құсты қайта қондыру бұйым ба» дескен жұрт, тұлпар мінгізген Саятты осы өңірдегі ат спортын дамытып жүрген мықты азаматтардың бірі деп мақтасып жатты. Өз кезегінде ақсуаттың еншісіне бұйырған «Бәйтерек» атты бұл құс көрермендер алдында қоян іліп, елдің еңсесін бір көтеріп тастады.


Астананың «Алғырынан» құс аспады


Жерде айғай, көкте айғай. Жердегі айғай қыранға қиқу қосса, көктегі айғай шабытты құстың шаңқылы. Бірінші күні қырыққа жуық құстың 13-і жартылай финалға жолдама алды. Қолға шақыру, шырғаға түсіру сынды кезеңдерден ұпай ұттырған құсбегілер құсын тоя тамақтандырып, томағасын кигізіп, тұғырына қондырған. Мүмкін бірі бабынан кетсе, бірі бағынан кеткен шығар. Қалай дегенмен, қыран қасиетті құс қой. Қыран қонған босағаға сайтан жоламайды дейтін қазақ шаңырағына құсбегі келгенін жақсылыққа балайтын. Сондықтан алыс-алыс жол басып келген бүркітшілерді аудандық әкімдік болмаса да, қара ормандай қарапайым халық үлкен құрметпен қарсы алды. Тіпті ителгісі иенге ұшқан саятшыларды жаяу жібермей, машинасымен қар бұзып Тарбағатай тауына қарай зырлаған Әділғазы Садықов сынды азаматтардың еңбегін солай жорыдық. Айтпақшы аудан әкімі Ділдабек Оразбаев ашылу салтанатына келді де, қайтып қарасын көрсетпеді. Осы орайда өткен жылы екі күн бойы сақылдаған сары аязда бүркітшілер арасында түз тағысы мен аспан серісінің айқасын қызықтап жүрген Үржар ауданының әкімі Серік Зайнулдиннің ұлтжандылығы мен қарапайымдығы еске түседі екен. Екі күн бойы бүркітшілермен жүрмесе де, марапаттау сәтінде келіп аудан халқына қуаныш сыйлаған құсбегілерге алғысын айтады дегенбіз. Ауданында өтіп жатқан республикалық сайыстың қортындысына әкім тұрғой, орынбасарларының бірі де жоламады...


Екінші күні жартылай сынға өткен қырандар арасында бірінші болып өнер көрсеткен үржарлық Өмірбек Нұрымның құсы болды. Бұл өткен жылдың соңында ғана халықаралық байқауда топ жарған өңірдің үмітті қыраны болатын. Әттең, бұғып жатқан үй қояны алдап соқты. Қолдан жіберіп тұрған қояндардың жуасы да, әккісі де болады екен. Ол енді қыранның бағына байланысты. Пәлен қасқыр алған, түген қасқыр алған деген таныстырылымына қарап, байқауға жай қырандардың келмегенін аңғаруға болады.


Деседе, ақтық сынға төрт қыран шықты. Ақыры шырға тарту арқылы, шырға түсу уақытымен жеңімпазды анықтады. Шапқан арттың соңында сүйретіліп бара жатқан түлкінің тұлыбына небары 20 секунтта жеткен астаналық Серікбек Күнтуғанның «Алғыр» атты қыраны байқау жеңімпазы атанды. Бұл құс жуықта ғана Қырғызстанда өткен дүбірлі додада ел мерейін өсіріп, үшінші орынмен оралған қандыбалақ екен. Иә, жыл бойы азабына көніп, құс баптап жүрген азаматтардың азғантай жүлдесі оларға толағай табыс болмасы анық. Ең бастысы ұлттың ұлы өнерін өлтірмей сақтап, құспен тіл табысып жүрген сол азаматтардың еңбегі ерен көрінді көзімізге. Айтпақшы, үржарлық Тәттімбет Кәпұлы мен Көкшеден келген Тастанбек Бергенбай халықтың алдында қарсаққа құс жіберді. Қырық жыл құс көтерген солтүстіктен келген қарттың құсы сақылдап тұрған қарсақтан қаймығып қалса, үржардың «Ақ перісі» қарсақты шеңгелінде бүктеп, қос өкпесіне қанжар тұмсығын қадады.



Бұдан кейін қаршыға көтергендер кептерге салса, ителгі иелері құсын далбайға шақырып елге қызық көрсетті. Осы байқау аясында ақсуаттық атбегілер тай жарысы мен топтық бәйге өткізіп жиылған жұртқа қызық сыйласа, байқау соңында тастақым азаматтарға көкпар тастап халықтың қанын бір қыздырып тастады. Солай екі күн бойы Ақсуат аспанында қалықтаған қыранның қияғымен, шапқан аттың тұяғымен бірге ауыл халқының рухы дүр сілкінді.


Қаны қызған қазақ ақпанның аязын бұйым құрлы көрмейді екен. Бабадан қалған байтақ дәстүрдің таныс иісі әркімнің мұрнына арыдан жетіп жатқандай болды. Рухани жаңғыру дегенміз осы емес пе?!


Екінші күні жартылай сынға өткен қырандар арасында бірінші болып өнер көрсеткен үржарлық Өмірбек Нұрымның құсы болды. Бұл өткен жылдың соңында ғана халықаралық байқауда топ жарған өңірдің үмітті қыраны болатын. Әттең, бұғып жатқан үй қояны алдап соқты. Қолдан жіберіп тұрған қояндардың жуасы да, әккісі де болады екен. Ол енді қыранның бағына байланысты. Пәлен қасқыр алған, түген қасқыр алған деген таныстырылымына қарап, байқауға жай қырандардың келмегенін аңғаруға болады.



Деседе, ақтық сынға төрт қыран шықты. Ақыры шырға тарту арқылы, шырға түсу уақытымен жеңімпазды анықтады. Шапқан арттың соңында сүйретіліп бара жатқан түлкінің тұлыбына небары 20 секунтта жеткен астаналық Серікбек Күнтуғанның «Алғыр» атты қыраны байқау жеңімпазы атанды. Бұл құс жуықта ғана Қырғызстанда өткен дүбірлі додада ел мерейін өсіріп, үшінші орынмен оралған қандыбалақ екен. Иә, жыл бойы азабына көніп, құс баптап жүрген азаматтардың азғантай жүлдесі оларға толағай табыс болмасы анық. Ең бастысы ұлттың ұлы өнерін өлтірмей сақтап, құспен тіл табысып жүрген сол азаматтардың еңбегі ерен көрінді көзімізге. Айтпақшы, үржарлық Тәттімбет Кәпұлы мен Көкшеден келген Тастанбек Бергенбай халықтың алдында қарсаққа құс жіберді. Қырық жыл құс көтерген солтүстіктен келген қарттың құсы сақылдап тұрған қарсақтан қаймығып қалса, үржардың «Ақ перісі» қарсақты шеңгелінде бүктеп, қос өкпесіне қанжар тұмсығын қадады.


[caption id="attachment_49691" align="aligncenter" width="4031"] Бұдан кейін қаршыға көтергендер кептерге салса, ителгі иелері құсын далбайға шақырып елге қызық көрсетті. Осы байқау аясында ақсуаттық атбегілер тай жарысы мен топтық бәйге өткізіп жиылған жұртқа қызық сыйласа, байқау соңында тастақым азаматтарға көкпар тастап халықтың қанын бір қыздырып тастады. Солай екі күн бойы Ақсуат аспанында қалықтаған қыранның қияғымен, шапқан аттың тұяғымен бірге ауыл халқының рухы дүр сілкінді.[/caption]


Қаны қызған қазақ ақпанның аязын бұйым құрлы көрмейді екен. Бабадан қалған байтақ дәстүрдің таныс иісі әркімнің мұрнына арыдан жетіп жатқандай болды. Рухани жаңғыру дегенміз осы емес пе?!

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив