Өскемен
+8°
переменная облачность ветер 3 м/с, С
458.87 493.84 6

«7-20-25» үлгісімен көлік алу. Бағдарламаның іске қосылу мерзімі айтылды

5.02.2019, 06:29 75 0

«7-20-25» бағдарламасының үлгісімен қай уақыттан бастап көлікті несиеге алуға болатыны белгілі болды. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев айтты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі Тенгриньюс сайтына сілтеме беріп.


Ұлттық банктің мәліметіне сүйенсек, көлікті несиеге беру ісі жылдың екінші жартысында қолға алынбақ.


– Аталмыш бағдарламаны жетілдіріп, халыққа отандық көліктерді алу жолын тиімді етпекпіз. Бағдарлама нарықтың қағидаттарымен, банктер арқылы жүргізіледі, – деді Данияр Ақышев.


Айта кетейік, бұл бағдарлама туралы мемлекет басшысының қатысуымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында  айтылған болатын.

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив