ШҚО-да бүгін қандай тас жолдар жабылды?

Ауа райының қолайсыз жағдайына байланысты облыстағы бірқатар тас жолдарда автокөліктердің барлық түрлеріне қозғалыс жабық, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
«ОблШығысЖол» КМК ақпараты бойынша, 1 ақпан күні сағат 16.00-ден бастап боранның салдарынан облыстық маңызы бар «Өскемен - Тарғын-Самар» тас жолының 88-145 шақырымындағы учаскесінде, «Көкпекті - Самар- Васильев өткелі» тас жолының 0-77 шақырымындағы (Көкпекті-Бастаушы) учаскесінде көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабық.
«Қазақавтожол» ЖШС ШҚОФ ақпараты бойынша, сағат 11.00-ден бастап республикалық маңызы бар "Омбы-Майқапшағай" тас жыолының 910-1002 шақырымындағы (Қалбатау-Көкпекті) учаскесі көліктің барлық түрі үшін жабылды.
Сонымен қатар оқыңыз