KZ
Өскемен
+16°
ясно жел 10 м/с, СБ
446.49 475.38 4.79

Мемқызметкерлер фитнеске тегін кіруге құқылы

31.01.2019, 09:51 118

Мемлекеттік қызметкерлер спортзалдарға тегін кіруге құқылы, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Бұл туралы Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау департаменті директорының міндетін атқарушы Мәдина Наурызбек мәлімдеді. Оның айтуына қарағанда, мемлекеттік органдарда қалыптасқан әдеп жөніндегі кеңестер қызметкерлерге қолайлы еңбек жағдайларын жасауға бағытталған.


– Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері жұмыс жүргізді, бүгінде әрбір өңірдегі спорт кешендерінде спорттық сабақтарға тегін қатысу үшін белгілі бір сағаттар берілген. Осы сағаттар ішінде мемлекеттік қызметші залға кіруге, яғни қалаған жаттығуымен айналысуға құқылы, – деді М.Наурызбек.


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив