ШҚО-да тағы екі жол жабылды
Шығыс Қазақстанда боранның салдарынан тағы екі жол жабылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Бұл туралы ШҚО ТЖД ресми сайтында жарияланды.
«Қазақавтожол» ЖШС ШҚОФ ақпараты бойынша, 30 қаңтарда сағат 16.22-ден бастап республикалық маңызы бар "Таскескен -Бақты" (шек.КХР) автожолының 0-187 шақырымындағы учаскесінде көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабық.
«ОблШығысЖол» КМК ақпараты бойынша, 30.01.19 ж. сағ. 17.00-ден бастап облыстық маңызды "Мақаншы-Жалаңашкөл" тас жолының 0-133 шақырымындағы "Мақаншы-Үшарал" учаскесінде көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабылды.
Оқи отырыңыз