KZ
Өскемен
+13°
облачно с прояснениями жел 1,6 м/с, СБ
446.49 475.38 4.79

Ауа райына байланысты ШҚО жол полициясы күшейтілген режимге көшті

30.01.2019, 04:01 99

Шығыс Қазақстан облысында ауа-райы жағдайының күрт өзгеріп, қатты жел тұруына байланысты ШҚО ПД жол-патрульдік полиция батальонының қызметкерлері күшейтілген жұмыс режиміне ауыстырылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Көру мүмкіндігі айтарлықтай төмендегендіктен, автокөлік жолдарында қауіпсіздік мақсатында көлік құралдарының қозғалысына шектеу қойылуы мүмкін.


Сондықтан, арнайы қызмет өкілдері қысқы мезгілде қала сыртындағы жолға шығардан бұрын жоспарланған маршруттар бойынша өтімділік жағдайын (шектеулер жоқтығын) анықтап алуды ескертеді.


Анықтама телефондары: 26-28-08 (республикалық маңыздағы автожол), 57-42-52 (облыстық маңыздағы автожол), 77-60-05 (жергілікті полиция қызметінің кезекшілік бөлімі). Мұнымен қатар ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің ресми сайтынан да қарауға болады (соның ішінде мобильді қосымша арқылы да).

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив