KZ
Өскемен
+10°
переменная облачность жел 2 м/с, СШ
449.58 486.94 4.86

ШҚО-ның жолдарында көлік қозғалысына шектеу қойылды

29.01.2019, 14:00 129

Ауа райының нашарлауына байланысты ШҚО –дағы республикалық және облыстық маңызы бар автожолдарда көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Шектеуге себеп – сыртқы ауа температурасының төмендеуі.


«Қазақавтожол» ЖШС ШҚОФ ақпараты бойынша, 29 қаңтарда сағат 19.30-дан 30 қаңтар сағат 07.00-ге дейін  «Өскемен-Алтай-Қатонқарағай-Рахман қайнары» автожолының 4-254 шақырымындағы учаскесінде (Ушанов а.– Үлкен-Нарын а.) жүк, маршруттық рейстік жолаушылық көлік құралдары, сонымен қатар, дизелді қозғалтқышпен қамтылған автокөліктердің барлық түрлері үшін қозғалысқа уақытша шектеу қойылды.


«ОблШығысЖол» КМК ақпараты бойынша, облыстық маңызды автокөлік жолдарында жүк, маршруттық рейстік жолаушылық көлік құралдары, сонымен қатар, дизелді қозғалтқышпен қамтылғанавтокөліктердің барлық түрлері үшін қозғалысқа уақытша шектеу қойылып отыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив