ШҚО мектептерінде сабақ тоқтатылды

Өскеменде минус 36 градус, бірінші ауысымдағы барлық сабақ тоқтатылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Қалалық білім бөлімі мен ТЖ департаменті бүгін таңертең ауа температурасының өте төмен екенін мәлімдеді. Осы себепті 0-11 сынып оқушылары мен колледждердің 1-2 курс студенттері үшін сабақ болмайтыны хабарланды.
Екінші ауысым туралы сағат 11: 00-ге таман қосымша хабарланатын болады.
ШҚО-ның өзге қалалары мен аудандарында:
Семей, -33, 1 ауысымның 1-11 сыныптарына, колледждердің 1-2 курстарына сабақ болмайды.
Риддер, -29, 1 ауысымның 1-11 сыныптарына, колледждердің 1-2 курстарына сабақ болмайды.
Алтай Ауданы, -40, 1-2 ауысымның 1-11 сыныптарына, колледждердің 1-2 курстарына сабақ болмайды.
Өскемен. -36, 1 ауысымның 1-11 сыныптарына, колледждердің 1-2 курстарына сабақ болмайды.
Шемонаиха ауданы, -36, 1 ауысымның 1-11 сыныптарына, колледждердің 1-2 курстарына сабақ болмайды.
Абай ауданы, -29, 1 ауысымның 1-4 сыныптарына сабақ болмайды.
Бородулиха ауданы, -34, 1-2 ауысымның 1-11 сыныптарына, колледждердің 1-2 курстарына сабақ болмайды.
Глубокое ауданы, -36, 1 ауысымның 1-11 сыныптарына, колледждердің 1-2 курстарына сабақ болмайды.
Жарма ауданы, -35, 1 ауысымның 1-11 сыныптарына, колледждердің 1-2 курстарына сабақ болмайды.
Катонқарағай ауданы, -45, 1 ауысымның 1-11 сыныптарына, колледждердің 1-2 курстарына сабақ болмайды.
Көкпекті ауданы, -35, 1 ауысымның 1-11 сыныптарына, колледждердің 1-2 курстарына сабақ болмайды.
Аягөз ауданы, -23, 1 ауысымның 1-4 сыныптарына сабақ болмайды.
Күршім ауданы, -35, 1 ауысымның 1-11 сынып оқушыларына сабақ болмайды.
Ұлан ауданы, -35, 1 ауысымның 1-11 сыныптарына, колледждердің 1-2 курстарына сабақ болмайды.
Үржар ауданы, -33, 1 ауысымның 1-11 сыныптарына, колледждердің 1-2 курстарына сабақ болмайды.