Қазақстан азаматтығын алу тәртібі жеңілдейді

Болашақта шетелде тұратын қазақтарға Қазақстан азаматтығын алу жеңілдей түседі. Осыған қатысты жаңа заң жобасы енгізілмекші, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Аталмыш заң жобасы ағымдағы жылдың мамыр айында Мәжіліс қарауына ұсынылады. Бұл туралы еліміздің Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев мәлім етті.
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қон процестерін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының тұжырымдамасын Еңбек және халықты әлеуметтік қорғай министрлігі көші-қон саясатының мәселелерін шешу мақсатында әзірлеген екен.
Тұжырымдамада елімізге келген этникалық қазақтарға қолайлы жағдай жасау, Қазақстанда тұрған мерзіміне қарамастан ҚР азаматтығын жеңілдетілген тәртіппен алуға құқық беру көзделген.