KZ
Өскемен
+6°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, ОШ
446.78 481.81 4.84

Өскемендегі маршруттық автобустарға өзгерістер енгізіледі

25.01.2019, 06:24 72

Биыл «Өскемен бекеті – Ахмер-2» бағытындағы маршруттық автобустың сыйымдылығын арттыру жоспарлануда. Осыған байланысты тұрғындардың талап-тілектері ескеріледі, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Қалалық ТҮКШ бөлімі мәлімдегендей, қаланың сол жағалау бөлігіндегі құрылыс жұмыстарының белсенді жүруіне байланысты алдағы уақытта жаңа автобус маршруттарын ашу немесе қозғалыс схемаларын өзгерту мәселесі туындауы мүмкін. Бұл ретте тұрғындардың тілектері ескерілетін болады дейді бөлім мамандары.

Айталық, осыған дейін тұрғындар «жолаушылар тым көп, автобусқа сиысу мүмкін емес» деп шағымданып келген №42 маршрутта жұмыс істейтін автобустардың сыйымдылығы ұлғайтылады. Яғни аталмыш бағытта қатынайтын автобустардың саны көбейеді.

Естеріңізге сала кетейік, Өскеменде қоғамдық көліктерде жол жүру ақысы мен бақылаудың автоматтандырылған жүйесін енгізу жоспарланып отыр. Бұл тек автобустарға ғана емес, трамвайларға да қатысты.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив