KZ
Өскемен
-1°
ясно жел 9 м/с, С
444.22 476.38 4.82

"Балалар мерт бола жаздады". Молдағұлова мен Энтузиастар қиылысына бағдаршам керек

25.01.2019, 03:28 104

– Өскемен қаласына қарасты Күленов кентіндегі Энтузиастар мен Ә.Молдағұлова көшелерінің қиылысында бағдаршам жоқ. Соның салдарынан екі күннің бірінде жол-көлік апаты орын алады. Өткенде тағы сол жерде көліктер соқтығысып, ішінде отырған кішкене балалар мерт бола жаздады. Сол қиылысқа неге бағдаршам қойылмайды?


Еркін Мұратханұлы,

Өскемен


Сауалға облыстық Полиция департаменті ішкі және сыртқы коммуникация басқармасының басшысы Әйгерім Нұрғазина жауап береді:


- Өскемен қалалық полиция басқармасының әкімшілік полиция бөлімі арқылы Өскемен қаласының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне жоғарыда аталған көшелер қиылысына 2019 жылы бағдаршам орнату ұсынылған.


Ағымдағы жылда бағдаршам орнату аталған құзырлы мекеменің жоспарында екенін хабарлаймын.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив