KZ
Өскемен
+9°
ясно жел 11 м/с, С
443.85 474.3 4.8

«Астана Банкі» салымшыларының ақшасы 26-қаңтардан бастап қайтарылатын болды

23.01.2019, 04:40 128

«Астана Банкі» салымшыларының қаражаттары 26-қаңтардан бастап 26 шілдеге дейін қайтарылатын болды.


Ұлттық Банктің қаулысымен өткен жылдың 18 қыркүйегінде «Астана Банкі» АҚ банк және басқа да операцияларды жүргізу лицензияларынан, құқығынан айырылып, банк жұмысы мәжбүрлеп тоқтатылған болатын. Осыған байланысты аталған банк салымшыларының қаражаттарын қайтару, өтініштерін қабылдау мен өтемақыларын төлеу еліміздегі «Еуразиялық банк» АҚ ның барлық филиалдарында жүргізілетін болды. «Астана Банкі» АҚ салымшыларының төлемдерін төлеу 2019 жылдың 26 қаңтарынан бастап 26 шілдеге дейін жарты жыл бойы жүргізіледі.


«Астана Банкі» АҚ салымшыларының арызын қабылдап, өтемақыларды қайтару елімізде, оның ішінде Өскеменде агент банк арқылы- «Еуразиялық Банк» АҚ барлық филиалдары мен бөлімдерінде алдағы сенбі күні -2019 жылдың 26 қаңтарында басталады. Арыздарды қабылдау жексенбі күні 27 қаңтарда да жалғасады. 28 қаңтардан бастап агент банк «Астана Банкі» АҚ салымшылары қаражаттарын төлеуді күнделікті режим бойынша жүргізеді.


«Астана банкі» АҚ салымшыларының қаражаттарын қайтаратын агент банк болып табылатын «Еуразиялық банк» АҚ Қазақстанның барлық өңірлерінде салымшыларға қызмет көрсетуге мүмкіндік беретін кең филиалдық желісі бар, пруденциялық нормативтердің бұзылу деректері жоқ, қаржылық күйі тұрақты банктердің арасынан таңдалған.


- Төлемді жүргізу барысында бастапқы күндері салымшылардың ең көп ағымы күтілуіне байланысты, алғашқы күндер әдейі демалыс күндеріне тағайындалды: сенбі және жексенбі. Бұл күндері «Еуразиялық банк» АҚ –ның жеке тұлғалармен жұмыс істейтін барлық бөлімшелері «Астана Банкі» АҚ-ның салымшыларымен ғана кеңейтілген кесте бойынша қызмет етеді: сенбі 26-қаңтар сағ 8:00-ден 22:00-ге дейін, ал жексенбі 27 қаңтар – сағ 8:00-ден 20:00-ге дейін. 28 қаңтардан бастап, агент-банк кепілдік берілген өтем төленуін филиалдар мен бөлімшелердің әдеттегі режимінде жүргізетін болады,-деді БАҚ өкілдерімен өткен брифингте Ұлттық банктің Шығыс Қазақстан облыстық филиалының директоры Айнагүл Жолдыбалина.


Біздің облыста «Еуразилық банк» АҚ ның 11 бөлімшесі бар. Өскеменде- төрт, Семейде -екі және Риддерқаласы мен Алтай, Зайсан, Үржар, Аягөз аудандарында бір –бір филиалдан. Тұрғындар өздерінің салымдарының, депозиттерінің өтемақысын осы бөлімшелерден ала алады. Өскеменде «Астана Банкі» АҚ ның шамамен 700 , Семейде 300 ге тарта салымшылары бар. Облыста қанша екені белгісіз.


Қайтарымдар жеке тұлғаларға, жеке кәсіпорындарға, кәсіпкерлерге «Астана Банкі» АҚ да ашылған ағымдағы шоттағы, төлем карточкасындағы қаражат көлемінде қайтарылады. Бірақ қаражат депозиттер бойынша кепілдендірілген шекті көлемнен аспауы тиіс:


- 10 миллион тенге – ұлттық валютадағы депозитпен,

- 5 миллион тенге – шетел валютасындағы депозитпен,

- 15 миллион тенге –бір мезетте теңге және шетел валютасымен, бірақ шетел валютасының депозиті бойынша 5 миллион теңге эквивалентінен, мөлшерінен аспау керек.


Қаражаттар салымшыларға 5 жолмен, тәсілмен қайтарылады:


1) «Еуразиялық банк» кассасынан қолма қол ақшамен ( қолма қол ақша арыз берген күні беріледі);

2) Депозит пен шот карточкасын «Еуразиялық банкке» аудару жолымен;

3) «Еуразилық банктен» жаңа депозит пен ағымдағы шот ашып аудару жолымен;

4) «Еуразиялық банктің» жаңа картасына аудару жолымен ;

5) Басқа банкке аудару жолымен


Салымшылардың кепілдендірілген қаражаттары « Еуразиялық банк» АҚ кассаларында тегін қайтарылады, өтемақыны «Еуразиялық банк» АҚ дағы ағымдағы шотқа немесе жаңа депозит шотына аудару, ағымдағы немесе жаңа карточкаға аудару да тегін жүргізіледі. Басқа банктегі шотқа аудару «Еуразиялық банк» АҚ ның тарифі бойынша жүргізіледі. Өтемақыны алу үшін «Астана Банкі» АҚ салымшыларына жеке басын куәландыратын құжатты алып, агент банктің кез келген бөлімшесіне немесе филиалына жүгіну керек. Салымшыларды сәйкестендіру жеке сәйкестендіру (ЖСН) бойынша жүргізіледі. Кепілдендірілген төлем тек ұлттық валюта -теңгемен беріледі. Шетел валютасы доллармен салынған салымдар теңгемен Ұлттық банктің 2019 жылдың 9 қаңтарындағы курсы бойынша есептеп қайтарылады.


Қаражат салымшылардың сенім білдірген тұлғаларына, мұрагерлерге, жеке кәсіпкерлерге, кәмелеттік жасқа толмағандарға, тегін ауыстырған депозит иелеріне қажетті құжаттарды тапсырған күннен бастап 5 жұмыс күніне дейін қайтарылады. Кепілдендірілген өтемақыны алу үшін салымшы өз қолымен жазбаша өтініш толтырып, ЖСН көрсету қажет.


Ұлттық банк филиалы директорының айтқанындай агент банкке өзі келе алмаған, мысалы, ауылдық жерде тұратын салымшылар үшінші тұлғаларға сенімхат негізінде өз атынан өтініш беруді тапсыра алады. Агент банкте өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаты болуы тиіс.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив