Семейде жедел жәрдем көлігі мен газель соқтығысты (видео)

Жол-көлік оқиғасы кеше болды. Оның салдарынан КамАз жүргізушісіне де жолдан шығуға тура келді. Нәтижесінде тас жолда кішігірім кептеліс орнаған екен, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Анықталғандай, жол-көлік оқиғасында зардап шеккендер болмаған.
Болған жағдайға кінәлі жүргізуші 610-шы бап бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 20 АЕК не 50 500 теңге мөлшерінде айыппұл салынатын болады. Немесе алты ай мерзімге дейін жүргізуші құқығынан да айырылуы мүмкін екен.
Бейнежазба: ОО ОСА.
Сонымен қатар оқыңыз