KZ
Өскемен
+12°
ясно жел 10 м/с, СШ
444.22 476.38 4.82

Өскемендегі Ворошилов көшесі қос жолақты болады. 11 жер үй бұзылады

21.01.2019, 09:49 136

2019 жылы Өскемендегі Серікбаев, Потанин, Дзержинский, Ворошилов, Головков көшелерінде, Әуезов және Жеңіс даңғылында орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Ворошилов көшесі екі жолақты болмақ. Ол үшін бір жақ шеттегі 11 жер үйді бұзу қажет, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушы Нұржан Жапбаровтың айтуы бойынша, жұмыстар көктемгі және жазғы кезеңдерде жүзеге асатын болады.


Бұдан бұрын қала билігі Серікбаев және Ворошилов көшелері мен Әуезов даңғылының кеңейтілетіндегі туралы мәлімдеген болатын.

Соның ішінде Серікбаев көшесін 8,5-ден 11,5 метрге дейін кеңейту жоспарлануда. Потанин мен Карбышев көшелерінің қиылысындағы сақиналар арасындағы учаске кеңейтілмек.


Ал Әуезов даңғылын екі жолақты бөліп тұрған көкалды жою арқылы кеңейту көзделіп отыр.


Ворошилов көшесіне келетін болсақ, оны екіжақты көлік қозғалысы үшін қолжетімді ету жоспарда бар. Ол үшін бір бөлікте 11 жеке үйді бұзу қажет болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив