KZ
Өскемен
+5°
небольшая облачность жел 1 м/с, С
448.15 483.46 4.86

Техникамыз тозып тұр, жиі сынады - «ҚазАвтоЖол»

21.01.2019, 09:14 72

«ҚазАвтоЖол» трассаларды қардан тазалауға байланысты шағымдарға жауап берді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Республикалық маңызы бар автожолдарды бақылауда ұстау «Қазақавтожол» компаниясына жүктелген. Осы орайды Ұлттық компания жолдардың тазалануына байланысты кемшіліктердің жоқ емес екенін атап өтті.


– Шынында да, жұмыс барысында кідірістер бар. Себебі, «Қазақавтожол» ЖШС қысқы кезеңде талап етілетін жол-пайдалану техникасының 40 пайызымен ғана қамтылған. Оның ішінде де тозығы жетіп тұрғандары бар. Яғни жиі-жиі сынып қалады, – деп атап өтті Ұлттық компания.


Төтенше жағдайларды болдырмау үшін «ҚазАвтоЖол» жүргізушілерден ауа райы болжамы мен дауылды ескертулерді алдын ала қадағалауды сұрайды. Сондай-ақ республикалық маңызы бар автожолдардан өту туралы ақпаратты Астанадағы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің ахуалдық орталығынан 44-47-77 телефоны бойынша алуға немесе «Қазақавтожол» сайтынан көруге болады. Мұнда нақты уақыт режимінде интерактивті картада жолдың қандай учаскесі қандай көлік түрлері үшін жабылғаны анық көрсетілген.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив