Өскемен
+9°
облачно с прояснениями ветер 3 м/с, С
457.29 490.35 5.97

ШҚО-да тағы екі тас жол жабылды

15.01.2019, 11:50 75 0

ШҚО-да республикалық және облыстық маңызы бар екі жол жабылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


"ОблШығысЖол" КМК ақпараты бойынша, сағат 17.00-ден бастап облыстық маңызы бар "Средигорное-Новополяковка-Кіші Нарын" автожолының 14 шақырымындағы учаскесі көліктің барлық түрі үшін (жол қызметтерінің көліктерінен басқа) жабылды.


"Қазақавтодор" ЖШС ШҚФ ақпараты бойынша, республикалық маңызы бар "Омск-Майқапшағай" тас жолының 910-1002 шақырымындағы учаскесі (Қалбатау-Көкпекті) автокөліктің барлық түрі үшін жабылады.


Жолдардың жабылуына бұрқасын мен түтек боран себеп болған.


Естеріңізге сала кетсек, бүгін таңғы уақытта бұрқасын желдің салдарынан аймақтағы республикалық маңызы бар жолдардың бірі жабылған болатын.

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив