KZ
Өскемен
+8°
переменная облачность жел 4 м/с, СБ
446.49 475.38 4.79

Қазақстанда сексеуіл ағаштарын кесуге тыйым салынды

11.01.2019, 06:01 320

Елімізде сексеуіл ағаштарын кесуге 5 жылға тыйым салынды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


"Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiндегі сексеуiл екпелерiнде ағаш кесуге тыйым салу туралы" бұйрыққа өзгертулер енгізілген екен.


Ауыл шаруашылығы министрлігі орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет өз Facebook парақшасында Комитет төрағасы бұйрығының мәтінін жариялап отыр:


"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі 310 қаулысының 17-тармағының 376) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:


Мынаған:


1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі сексеуіл екпелерінде ағаш кесудің барлық түріне 2023 жылғы 31 желтоқсанға дейін тыйым салынсын.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив