KZ
Өскемен
+8°
небольшая облачность жел 4 м/с, В
448.15 483.46 4.86

Сабаққа бармай жүрген баланың ата-анасы айыппұл төлейді

11.01.2019, 05:12 213

Білім және ғылым министрлігінің өкілдері сабақтан себепсіз қалған баланың ата-анасына айыппұл салынатыны жайлы хабарламаларны растады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Осыған дейін әлеуметтік желілерде «БҒМ бұйрығына сәйкес негізсіз сабақтан қалған балалардың ата-аналары 15 883 теңге көлемінде айыппұл төлейді» деген хабарламалар таралған болатын.


Білім және ғылым министрлігінің өкілдерінің айтуынша, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде оқушылардың сабақтан қалғаны үшін жауапкершілікке тартылатыны көрсетілген.


– Әкімшілік кодекстің 127-бабында ата-ананың немесе басқа да заңды өкiлдердiң балаларды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамауы салдарынан 7 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынатыны айтылады. Биыл АЕК 2 525 теңге болды. Сонда 17 675 теңге көлемінде айыппұл төлеу қарастырылған. Бір жыл ішінде осындай жағдайлар қайталанатын болса, 15 тәулікке дейін қамауға алынады немесе 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлеуге міндеттеледі, – деп түсіндірді ведомстводағылар.


Министрлік мектеп немесе колледж шәкірті себепсіз оқуға келмеген жағдайда басшылықтың бұл туралы білім басқармасындағыларға хабарлауы тиіс екенін атап өтті.


Ата-анаға айыппұл салу мәселесі сот тәртібінде қаралады. Айыппұл бюджетке аударылады.


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив