KZ
Өскемен
+23°
переменная облачность жел 4 м/с, З
447.4 477.55 4.76

ШҚО-да әлеуметтік тауарлар неге қымбаттады?

11.01.2019, 03:00 132

Облыста азық-түлік бағасының өсімі байқалады. Облыстық статистика департаментінің ресми мәліметіне сүйенсек, облыста күріш, қант, тауық еті, күнбағыс майы, сүт, айран, ірімшік, сары май, орамжапырақ, жұмыртқа мен сиыр еті қымбаттаған деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Департамент мамандары күріш бағасының өсімін өндірушілердің маусымдық шығындарымен байланыстарды. Жиын-терін науқаны кезінде жанар-жағар майдың қымбаттауы салдарынан тасымалдаушылар да бағаны көтеріп жіберген. Қант бағасының өсуіне Ресей,Белоруссия елдеріндегі қанттың қымбатауы себеп. Өйткені өңірге қанттың басым бөлігі осы елдерден келеді. Ал тауық еті бағасының көтерілуі комбикорм мен ветеринариялық препараттар бағасының өсуімен байланысты, сиыр етуінің өсуіне де осы факторлар әсер еткен. Жалпы қаңтар мен тамыз аралығында еліміздегі комбикорм бағасы 16 пайызға өскен.


Күнбағыс майы, ұн мен сүт, айран, ірімшік пен сары майдың қымбаттауына да шикізат бағасының өсімі себеп болған. Талдықорғанның «Ақ құс» және Ақмола облысының «Қазгер-құс» кәсіпорындарының өнім бағасын көтеруі нарықта жұмыртқаның қымбаттауына әкеліп соқты.


Облыстық кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасының бастығы Ержан Шормановтың айтуынша, өңірде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын ырықтандыру үшін арнайы іс шаралар кешені қабылданған.


- Өңірлік тұрақтандыру қоры көкөніс пен қантты «Ертіс» ӘКК сауда нүктелерінде төмен бағамен саудалап жатыр. Сондай-ақ, қант қаланың бірнеше арнайы сауда нүктелерінде де төмен бағамен сатылады. Мысалы «Ертіс» ӘКК сауда павильондарына 1 кг. қант -235 теңге, көкөністер - 65 теңге болса, арнайы сауда орындарына қант - 240 теңге, көкөністер-72 теңге. Ал сауда орындарынмен салыстырғанда төмен бағадағы күрішті әлеуметтік сөрелерден табуға болады. Бүгінгі күні мұндағы күріштің бағасы 1 килограммы үшін 225 теңге, ұн 80 теңге, - дейді басқарма басшысы.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив