KZ
Өскемен
+2°
ясно жел 10 м/с, С
444.22 476.38 4.82

Глубокоеде жолда қалған 3 ересек адам мен 1 бала құтқарылды

10.01.2019, 06:15 244

Глубокое ауданында өрт сөндірушілері жолда қалған үш ересек адам мен бір баланы эвакуациялады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Оқиға кеше күндіз болды. «ВMW X5» автокөлігі Предгорное ауылынан шамамен 7 шақырым жерде сынып қалған көрінеді. Жолаушылар дереу құтқару қызметіне хабарласып, көмек сұраған. Уақыт оздырмай жеткен Верх-Березовка кентіндегі №26 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері оларды Предгорное ауылына жеткізіп, туған-туыстарына табыстады. Ешқайсысы зардап шеккен жоқ дейді құтқарушылар.


Айта кету керек, Шығыс Қазақстанда боран соғып, желдің екпіні секундына 25 метрге дейін жетеді деп ескерткенбіз. Осыған байланысты облыстық ТЖД мейілінше жолға шықпауды ұсынады. Тіпті ақаусыз автомобильде қар көшкіні немесе бұрқасын салдарынан жолда қалуы мүмкін дейді мамандар.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив