Егер сіз күтпеген қызықты оқиғаға куә болып жатсаңыз, редакциямызға хабарласып +7 777 742 49 37 Whatsapp нөміріне жазуыңызға болады.

 

Қызықты оқиғаларды ең көп жіберген оқырмандарымыз айдың соңында сыйақы алады

50 000 теңге!

2019 жылдың 24 қазанына валюта бағамы

USD

330.78

EUR

387.31

RUB

5.32

CNY

51.52

Алтын

1298,90 USD

Мұнай

75,86 USD

ru

Жаңалықтар

"Балалар – сіздерге аманат..." – Мұқтаж жандарға баспана алып беретін қор жайында не білеміз?

0

115

–Тағдыр тәлкегіне түскен бір адамға үміт сыйлап, қолыңнан келсе, қол ұшын беру бізді де үлкен шаттыққа бөлейді, – дейді ол. Сүрінгенге сүйеу, жығылғанға демеу болып, талай жанға үмітпен қатар үй сыйлап жүрген «Харекет» қоры өкілімен сұхбатымыз осылай басталды. Қайырымдылық қорының Өскемендегі өкілі Ұлан Жүнісбеков көбінесе басқалардың тағдыры үшін алаңдап жүргенін аңғартты. Мұқтаждық та емес, кейде қорға адамдарды тағдыр айдап келеді екен...

Ауру айтып келсін бе?..

Расында да, өмірдің табан астынан құбылып, тағдыр желінің қалай, қай жақтан соғарын кім білсін? Әйтпесе, қоларбаға таңылған күйеуі мен алты баласын бағып, айдалада үй-күйсіз қаламын деген ой Толқынның қаперінде болды дейсіз бе? Азаматы аман болғанда, уайымның не екенін білмейтін ол. Жолдасымен шаңырақ көтерген кезде қос жүрек болашақтарының сондай жарқын болатынына имандай сенген еді. Бірақ... Ауру айтыпкелсін бе? Қайтсем де балаларымды ел қатарлы өсіремін деп еңбектеніп жүрген Ануарбе каяқ астынан жол-көлік апатына түсіп, төсек тартып қалған. Дәрігерлердің айтуынша, оның жұлын омыртқасына зақым келген. Осылайша, арыстай азаматы қоларбаға таңылған соң, Толқын отбасындағы барлық жауапкершілікті өз мойнына алған. «Бірде жұмыстан соң үйге қайтқалы жатқанмын. Танысым хабарласып, Жарма ауданындағы Қалбатау ауылында алты баласы бар келіншектің көмекке зәру екенін айтты. Жолдасы сал ауруына шалдығыпты. Ал келіншегі болса, шиеттей алты баласымен күйеуін қараймын деп күн санап шөгіп бара жатқан көрінеді. Ең өкініштісі сол, олардың қазір басар тау, барар жерлері жоқ. «Сен «Харекет» қайырымдылық қоры туралы айтып едің ғой. Реті келсе, көмектесіп жіберсеңдер қайтеді?» – деп өтінді. Содан не керек,ертеңінде-ақ біз Омаржановтар әулеті туралы ақпарат жинап, олардың, расыменде, көмекке мұқтаж екенін анықтадық. Сөйтіп, бұл мәселені шешу үшін қаражат табудың жолын ойластырдық. Облыс көлемінде әртүрлі мерекелік және спорттық шаралар ұйымдастырылды. Одан түскен қаражатқа Омаржановтардың отбасына үй алып бердік. Қазір олар сол үйде тұрып жатыр. Сөйтсек, біздің өңірде ондай отбасылар көп екен. Бірінен-бірі естіп, қордан көмек сұраушылар да күн санап көбейді», – деп еске алады «Харекет» қайырымдылық қорының Өскемендегі өкілі Ұлан Жүнісбеков.
Бұл қор құрылғалы бері облыс көлемінде оннан астам әлеуметтік жағынан аз қамтылған және көпбалалы аналар қоныс тойын тойлапты. 


Көздерін қиып, тастап кете алмаймын


– Тағы бір жолы Зайсаннан жас жігіт хабарласты. Кезінде ата-анасы тастап кетіпті. Жасы 21-де екен. Тағдырдың тәлкегіне түскен бозбала алты бауырымен бірге Семей жақтағы жетімдер үйінде тәрбиеленіпті. Асырап алған отбасы да жарытып қамқорлық танытпапты. Сол себепті олар қайта балалар үйіне оралуға мәжбүр болған. Кейін Нұрасыл кәмелеттік жасқа толған соң, туған жері Зайсанға қайта оралып, қарттар үйіне жұмысқа орналасады. Арада бірнеше ай өткен соң, ол бауырларын асырап алу үшін құжаттар жинай бастайды. «Қол жайып, біреуден көмексұрау деген өте қиын. Оны басынан өткен жандар ғана біледі. Шыны керек, алты бауырымды асырап алған соң, пәтерден-пәтерге көшіп жүрдік. Қаражаттың тапшылығынан аш қалған күндеріміз де болды. Сонда көрші үйден бір үзім нан сұрауға дәтім бармай, қиналғаным есімде, – дейді ол.
Қордың Зайсан ауданындағы мүшелері пәтер жалдап, аядай бөлмеде қысылып өмір сүріп жатқан осы балалардың тағдырын көзбен көрді. «Ата-анамыз қараусыз қалдырып кетті. Жеті бала өзіміз қалдық. Мен – үйдің үлкенімін. Ең кенжеміз төртте. Оны кейде жұмысқа бірге алып кетуіме тура келеді, өйткені қарайтын адам жоқ. Біз үйдің барлық тірлігін өзіміз істейміз. Жасырып қайтейін, кейде ата-анасы бар қыз-жігіттерге қарап қызығамын. Сондай сәтте көкейімде: «Ата-анам неге тастап кетті екен? Біздің қандай жазығымыз бар?» деген сан сауалдың ойға оралатынын жасырып қайтейін?!» деп бұғанасы қатпаған бозбала ағынан жарылғанда, көзіме жас келгені бар, – дейді ол.
Бауырларының жанарын жәутеңдетіп, жетімдер үйінде қалдырып кетуге дәті шыдамаған Нұрасылға «Харекет» қоры Зайсан қаласынан екі бөлмелі пәтерді тарту еткен. «Соны естіп тұрып, біз ашпыз, бұдан басқа көмекке де зәруміз демеді олар. Қуанғанынан алғысын жаудырып, кенжелерінің тәтті қылықтары мен қызық сөздерін айтып беріпті «Харекеттегі» аға-апайларға. Қазір аудан тұрғындары да шама-шарқы жеткенше оларға қол ұшын беріп тұрады. Келешекте «Харекет» қорындағы аға-апайларым сияқты мұқтаж жандарға көмек бергім келеді, өйткені өз басымнан да мұқтаждық өтті ғой дейтін көрінеді, – деп аяқтады ол Нұрасыл туралы әңгімесін.

 

Балалар – сіздерге аманат...

– Қиындықты көп көрген адамның үмітін ояту оңай емес. Олүшін арты жақсы болатынына өзің де сенуің керек, – дейді кейіпкеріміз.
«Бұл үйдің ауласындағы әбден тозығы жеткен моншаға сырттай қарасаң, иесіз қалған сияқты. Жақтаулары қисайған, едендері дым тарқан моншада алты баласымен Гүлзира Жансаринова кезінде жан бағып отырған. Жолдасы өмірден ерте озған соң, ол алты баласымен жесір қалыпты. Осылайша, балаларымды бағып-қағамын деп жүргенде, өзі де айықпас дертке душар болады. Көзі нашар көретін оған дәрігерлер бүйрек қызметі бұзылды деген тағы бір диагноз қойған. Гүлзираның жағдайы туралы таныстарынан естідік. «Аягөздегі алты бала – сіздерге аманат. Аналарының денсаулығы нашар. Әкелері қайтыс болған», – деп хабарласты бір жан. Содан не керек, біз Гүлзираны тауып алдық. Алайда оның аузынан сөз шығарудың өзі мұң болды. Кейін айтады, өзге адамнан көмек күту өте қиын екен. «Балаларымның ертеңгі тағдыры не болады?» деп уайым кешіп жүргенде біз тауып алыппыз. Оған да бүкіл халық болып көмектестік», – деп еске алды Ұлан Жүнісбеков.
Осылайша, үмітпен бірге үй сыйлап жүрген «Харекет» қорының өкілдері осындай жандардың алғысына бөленіп жүр. Соңғы уақытта қор Зайсан, Тарбағатай, Аягөз, Жарма аудандары мен Өскемен, Семей қалаларының оннан астам тұрғынына баспана алып берді. Мұндағы басты мақсат – қамкөңіл жандардың өмір сүруге деген талпынысын арттыру дейді өздері.
– Бізден көмек сұрайтындардың дені – жалғызбасты көпбалалы аналар мен әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылар. Сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі жандарды да назардан тыс қалдырмаймыз, – деді Ұлан Жүнісбеков.
Айта кетейік, бұл қор құрылғалы бері еліміз бойынша 200-ге жуық отбасы қоныстойын тойлаған. Оған Гүлмира Мұқанқызының қосқан үлесі зор.
– Көмекке мұқтаж жанның тұрмыс-тіршілігі бір ай көлемінде тексеріледі.«Әр қазақ – менің жалғызым» деп білетін әрі сауаптан үміт еткен әрбір азамат қордың шотына 1000 теңгеден салып отырады. Қордың құрылтайшылары қатысқан жалпы жиында ақылдасып, кімдерге берілетіні шешіледі. Сатып алынған үй немесе жер телімі әлеуметтік желіде жария түрде көрсетіліп отырады, – деді Ұлан Жүнісбеков.
Қазір «Харекеттің» құрамында шығысқазақстандық 31 жас еңбек етіп жүр. Олар Өскемен, Семей, Риддер қалалары мен Күршім, Зайсан, Аягөз, Тарбағатай аудандарында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, қайырымдылық шараларын ұйымдастырады.
– Адамдарға көп дүние керек емес. Сәл ғана демеп жіберсеңіз жетіп жатыр, ары қарай өзі ұмтылып, өмірін арнаға салып алады. Сондықтан мұқтаж жандарға үміт сыйлауға, демеп жіберуге әрқайсымыз титтей болсын үлес қоссақ деген тілегім бар, – деп аяқтады әңгімесін ол.

Пікірлер (0)

Болдырмау

Пікіріңіз модерациядан кейін сайтта пайда болады.

ЖалпыӨзектіПікір алаңы

23.10.19, 17:37

Семейде бір ай бұрын құлаған ағаш неге жиналмай жатыр?

23.10.19, 17:15

Қазақстанның үш банкі әскерилерге арналған ипотеканы іске қосылды

23.10.19, 16:58

Қазақстанда темекі қымбаттады

23.10.19, 16:19

Өскемендегі №17 автобустың жүру бағыты өзгерді

23.10.19, 15:58

Семейліктер бір күнде 212 рет жол жүру ережесін бұзды

23.10.19, 15:55

Әйел жүргізушілердің жол үстіндегі төбелесі (ВИДЕО)

23.10.19, 15:45

Балаларға смартфон беруге болмайды - Комаровскийдің кеңесі

23.10.19, 15:31

Ипотеканың алғашқы жарнасын жинау үшін қанша уақыт қажет?

23.10.19, 15:19

Семейде жаяу жүргіншілерге арналған жолдарға арнайы шамдар орнатылды

23.10.19, 14:00

Қазақстанда шетелдіктерге орган ауыстыру отасын жасауға тыйым салынады

23.10.19, 13:28

Бес облыстың әскери соты таратылды

23.10.19, 12:43

ШҚО-да азық-түлік тауарларының бағалары өзгерді

23.10.19, 12:22

Семейде нан қымбаттай ма?

23.10.19, 12:02

"АвтоЦОН" басқа мекенжайға ауысты – Өскемен

23.10.19, 11:25

«Алтай» «Қызылжармен» тең тарқасты

23.10.19, 11:00

Өскеменде үй саламын деген жеке кәсіпкерлерге жер беріледі

23.10.19, 10:51

Өскеменде 10-нан астам үй күреледі

23.10.19, 10:39

Семейде тағы да жүк көлігі көпір астына кептеліп қалды

23.10.19, 10:12

Семейдегі ерекше мектеп шағын автобусқа ие болды

23.10.19, 09:53

Өскеменде жайылып жүрген жылқылардың иесі жауапқа тартылды

Әрі қарай

01.04.19, 09:15

Зайсан көлінің жағасынан өлі қолтырауын табылды

13.03.19, 14:27

Зайсандағы 130 шақырымдық бәйге. Жолда өлген жануар, мәреге жеткен сегіз және қатаң тексеру

17.05.19, 11:04

Мектеп ремонтына ақша сұраса, мына номерге хабарласыңыз:

01.10.19, 17:54

Тарбағатайда бір үйдің 70 қойын қасқыр жайратып кетті

16.05.19, 20:12

ШҚО-да тағы бір құс фабрикасы салынуы мүмкін

15.03.19, 10:55

"Малға мініп жүрген ат": 130 шақырымдық бәйгенің жеңімпаздары туралы

25.06.19, 16:30

1000 адамды қабылдауға дайын. Арыс тұрғындары ШҚО-ға қоныс аудара алады

19.04.19, 20:00

«Анашым, келші жанымызға». Күршімде 8 жыл бұрын жоғалып кеткен әйелді туыстары әлі іздестіруде

14.03.19, 16:06

1 сәуірден бастап әлеуметтік жәрдемақы қалай өзгереді?

04.03.19, 11:06

"Бала қатты күйіп қалған, терісі езіле бастапты". Өскеменде времянкадан тағы өрт шықты

03.10.19, 10:47

Тарбағатайдан Қожаберген батырдың зираты табылды

15.10.19, 10:04

ШҚО-да Қытай әскерімен бірлескен оқу-жаттығу операциясы басталды

25.04.19, 15:03

Өскеменде кемшіліктерді көшеде жүріп жырлайтын ерекше ақын пайда болды (ВИДЕО)

03.04.19, 16:33

ШҚО-дағы басқармалардың біріне жаңа басшы тағайындалды

15.03.19, 16:19

ШҚО тұрғыны үйінің сыртын сыраның қалбырымен қаптап алды

05.06.19, 20:38

Тек қазақша сөйлейтін өскемендік полицей бірден екі қылмысты ашты (видео)

10.04.19, 12:04

Өскеменде 16 әйелді өлтірген КШТ маньягі қалай ұсталып еді?

03.04.19, 09:15

1 сәуірден бастап көпбалалы отбасыларға берілетін көмек. Ең жиі қойылатын 10 сұрақтың жауабы

02.04.19, 15:45

"Жуыну бөлмесіне тығылған". Семейдегі балалар өлімі, оқиғаның анық-қанығы

01.04.19, 10:11

Атаулы әлеуметтік көмектің онлайн-калькуляторы пайда болды

07.04.14, 00:00

Түтінді газ ағынын инфрадыбыс әсерімен тазартады

23.10.19, 17:37

Семейде бір ай бұрын құлаған ағаш неге жиналмай жатыр?

23.10.19, 17:15

Қазақстанның үш банкі әскерилерге арналған ипотеканы іске қосылды

23.10.19, 16:58

Қазақстанда темекі қымбаттады

23.10.19, 16:19

Өскемендегі №17 автобустың жүру бағыты өзгерді

23.10.19, 15:58

Семейліктер бір күнде 212 рет жол жүру ережесін бұзды

23.10.19, 15:55

Әйел жүргізушілердің жол үстіндегі төбелесі (ВИДЕО)

23.10.19, 15:45

Балаларға смартфон беруге болмайды - Комаровскийдің кеңесі

23.10.19, 15:31

Ипотеканың алғашқы жарнасын жинау үшін қанша уақыт қажет?

23.10.19, 15:19

Семейде жаяу жүргіншілерге арналған жолдарға арнайы шамдар орнатылды

23.10.19, 14:00

Қазақстанда шетелдіктерге орган ауыстыру отасын жасауға тыйым салынады

23.10.19, 13:28

Бес облыстың әскери соты таратылды

23.10.19, 12:43

ШҚО-да азық-түлік тауарларының бағалары өзгерді

23.10.19, 12:22

Семейде нан қымбаттай ма?

23.10.19, 12:02

"АвтоЦОН" басқа мекенжайға ауысты – Өскемен

23.10.19, 11:25

«Алтай» «Қызылжармен» тең тарқасты

23.10.19, 11:00

Өскеменде үй саламын деген жеке кәсіпкерлерге жер беріледі

23.10.19, 10:51

Өскеменде 10-нан астам үй күреледі

23.10.19, 10:39

Семейде тағы да жүк көлігі көпір астына кептеліп қалды

23.10.19, 10:12

Семейдегі ерекше мектеп шағын автобусқа ие болды

E-MAIL ХАБАРЛАНДЫРУ: