KZ
Өскемен
+7°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, З
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

Бесқарағайдағы караоке-батл

25.07.2022, 17:07 239

Бесқарағай Мәдениет үйінің ұйымдастыруымен «Караоке Star» атты музыкалық кеш өтті.

Оған аудан жастары арасынан 6 адам қатысты. Мақсаты - жастардың шығармашылық қабілеттерін арттыру, өнерпаздарды халыққа таныстырып, оларға мәдени демалыс ұйымдастыру. Қатысушылар қазақ және орыс тілінде арнайы ұсынылған әндерді шырқады.

Байқау 2 кезеңнен тұрды: бірінші кезең – финалға іріктеу, екінші кезең – қорытынды әнді орындау.

- Байқауға Мария Грошева, Варвара Сидельникова, Дильназ Назарова, Ақжан Булат, Дильназ Абдрахманова және Камила Казезова атты ауданымыздың жастары қатысты

Сайыс қорытындысы бойынша, 1-орынды Дильназ Назарова, 2-орынды Мария Грошева, 3-орынды Ақжан Булат жеңіп алды, - деп хабарлады Бесқарағай ауданы әкімдігі. 

Бесқарағайдағы караоке кеші

Барлық қатысушыларға бағалы сыйлықтар табыс етілді. Сондай-ақ көрермендер арасында да ойын ойнатылып, уақыт тиімді өткен. Кештің жалғасы ретінде тұрғындарға арналған дискотекасы болды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив