KZ
Өскемен
-2°
ясно жел 2 м/с, СБ
443.85 474.3 4.8

«Өскемен - Горная Ульбинка - Северное» тасжолы жабылады

25.07.2022, 12:06 214

«Облшығысжол» ЖШС-нің ақпаратына сәйкес, 28-29 шілде аралығында «Өскемен - Горная Ульбинка-Северное» автомобиль жолының учаскесі жабылды. Әкімшілік полиция басқармасы З. Космодемьянская атындағы лагерьден «Алтай Альпі» демалыс базасына дейінгі жол көлік құралдарының барлық түрлері үшін қозғалыс жабылатынын хабарлайды.

- Енгізілген шектеулер су өткізу құбырын жөндеуге байланысты. Көлік құралдарының елді мекендерге, лагерьлерге және демалыс базаларына қозғалысы «Өскемен - Алтай - Рахман қайнары» жолы бойынша айналып өту арқылы жүзеге асырылатын болады, - дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив