KZ
Өскемен
+12°
пасмурно жел 6 м/с, Ю
448.15 483.46 4.86

Енді Мальдив аралдарына визасыз ұшуға болады

22.07.2022, 17:28 162

Туризмі дамыған елдер көптеген елдермен визасыз қарым-қатынас жасауға мүдделі. Әрине, сыртқы саясатта тұрақты, сенімді мемлекетпен қандай қарым-қатынасты да жеңілдетуге болады. Осындай мақсатта Қазақстан билігі Мальдив аралдарына визасыз ұшу туралы келісімге келіпті.

Қазақстан үкіметі:

«Қазақстан Республикасы мен Мальдив Республикасы арасында 9 мамыр 2022 жылы Маледе жасалған виза талаптарын алып тастау туралы екі жақты келісім бекітілсін», - деп қаулы шығарды.

Енді бұл қаулы бойынша, қазақстандықтар Мальдив еліне ғана емес, олар да Қазақстанға визасыз келіп-кете алады. Құжат қазір қолданысқа енген.  Қазір екі ел азаматтары екі мемлекетте 30 күнге дейін визасыз жүру құқығына ие.

«Жарамды жол жүру құжаттары бар екі елдің бірінің азаматы бір рет немесе бірнеше рет кіруге, шығуға, транзитке, екінші мемлекеттің территориясында кірген күнінен бастап есептегенде 30 (отыз) күнтізбелік күнге дейін уақытша тұру үшін виза талаптарынан босатылады», - делінген келісімде.

Бұл келісімге келу биылғы қаңтар айынан басталып, 30 сәуірде келісімге қол қою туралы келісілген.




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив