KZ
Өскемен
+7°
переменная облачность жел 6 м/с, СБ
446.49 475.38 4.79

Қазақстанда жұма күні қатты ыстық болады

21.07.2022, 17:58 141
Синоптиктер 22 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды. Елдің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнап, жел күшейеді. 
Еліміздің батысы мен шығысында бұршақ, оңтүстік-батыста шаңды дауыл. Тек Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, - деп хабарлайды «Қазгидромет» РМ.
Түркістан, Қызылорда, Жамбыл, Жетісу облыстарының басым бөлігінде, Маңғыстау, Қостанай облыстарының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Күндіз Ұлытау облысының басым бөлігінде қатты ыстық болады.
Күндіз Жамбылдың басым бөлігінде, Қызылорданың оңтүстігінде, Қарағандының оңтүстік-шығысында, Түркістан облысының батысы мен шөлді аймақтарында, Жетісудың батысы мен орталығында, Алматы облыстарының солтүстігінде қатты ыстық болады деп болжанды.
Нұр-Сұлтанда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз солтүстік-батыстан соғатын жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +13+15°С, күндіз +25+27°С.
Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде +21+23°С, күндіз +36+38°С.
Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын жел 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде +24+26°С, күндіз +41+43°С.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив