KZ
Өскемен
+23°
переменная облачность жел 4 м/с, З
447.4 477.55 4.76

Абай облысы полиция депаратментінің бастығы тағайындалды

21.07.2022, 17:55 224
Абай облыстық полиция департаментінің бастығы қызметіне генерал-майор Бектөре Сұлтан тағайындалды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Бектөре Жеңісбайұлы 1974 жылы 2 наурызда сол кездегі Шымкент облысының Түлкібас ауданындағы Ванновка ауылында дүниеге келген. 1995 жылы ҚР ІІМ Алматы жоғары мектебін, ал 2003 жылы ҚР ІІМ академиясын тәмамдаған. Білімі - заңгер, ішкі істер органдарының басқару саласының магистрі.
1991 жылдың 1 қыркүйегінен бастап құқық қорғау органдарында жұмыс істейді. Еңбек жолын Оңтүстік Қазақстан облысы ІІБ тергеушісі қызметінен бастаған. Осы уақытқа дейін түрлі басшылық лауазымдар атқарды.
Атап айтқанда, Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарының ІІД бастығының орынбасары болды. Ал 2019 жылдан бастап Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы қызметін атқарды. Абай облыстық полиция департаментінің бастығына үмікткердің кандидатурасы Президенті Әкімшілігімен келісілді. Осыдан кейін ішкі істер министрі Марат Ахметжанов арнайы бұйрық шығарды.
Полиция департаментінің жаңа бастығын жеке құрамға ішкі істер министрінің орынбасары Ержан Саденов таныстырды. Департамент басшысына нақты тапсырмалар берілді. Сондай-ақ, жаңа өңірде қауіпсіздікті нығайту мен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша бірқатар міндеттер қойылды. Ведомство қызметі ашық болуы шарт.
Ал, ең бастысы, халықтың құқық қорғау органының жұмысына сенім деңгейін арта беруі керек.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив