KZ
Өскемен
+17°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, С
446.49 475.38 4.79

Алматы полициясы ШҚО-дан барған ұрыларды ұстады

21.07.2022, 14:34 70
Алматы полициясы шығысқазақстандық ұрыларды ұстады. 
Қалалық криминалдық полицияның мәліметінше, “қылмыстық дуэт” шаһардың төменгі бөлігінде әрекет етіп жүрген.
Қазір олардың Алматының Жетісу және Түрксіб аудандарындағы үш пәтер тонауына қатысы бар екендігі анықталды.
- Олар 40 жастағы М. есімді азамат және 38 жастағы К. есімді азамат. Бұған дейін екі күдікті де мүліктік қылмыстар жасағаны үшін жазасын өтеп келген. Оларды полицияның арнайы жасағының көмегімен криминалдық полиция қызметкерлері қылмыс үстінде ұстады. Ратушного көшесіндегі үйлердің бірінде орналасқан бөтен біреудің пәтеріне қаскөйлер алдыңғы есіктің құлпына кілт таңдау арқылы кірген. Ол жерден ұрылар пәтер иесіне ірі материалдық шығын келтіретін мүлікті алып кетпек болған. Қазір ұсталғандардың екеуі де қамауда, – деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Берік Әбілбеков.
Күдіктілердің жеке басы басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғына және ұрланған мүліктің сатылған орнын анықтау мақсатында тексеру жүргізілуде.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив