KZ
Өскемен
+17°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
439.4 473.54 4.76

KAZ Minerals өңірлердегі дарынды оқушыларға білім гранттарын ұсынады

20.07.2022, 11:20 22

Оқу аяқталғаннан кейін грант иегерімен 3 жылға еңбек шарты жасалады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі компанияның Корпоративтік байланыстар департаментіне сілтеме жасап.

Жыл сайын KAZ Minerals Тобы әлеуметтік комитет компанияға қажетті мамандықтар бойынша гранттар бөледі. Болашақ грант иегерлерін конкурстық комиссия іріктейді. Кандидаттарды іріктеу жылына бір рет - шілде/тамыз айларында жүргізіледі. Сондай-ақ, компания техникалық мамандықтардың үздік үлгерімі бар студенттеріне стипендиялық көмек көрсетеді. Мәселен, бүгінгі таңда KAZ Minerals 80-ге жуық студенттің оқуын қаржыландырып отыр.

Грант оқу, стипендия, жатақхана шығындарын, сондай-ақ, басқа қаладан келген студенттердің екі жаққа жолақы құнын өтейді. Барлық өндірістік және дипломдық тәжірибені студент компанияның өндірістік нысандарында өтеді. Оқу аяқталғаннан кейін грант иегерімен 3 жылға еңбек шарты жасалады.

Сондай-ақ, KAZ Minerals ШҚО-да «Супер-колледж» жобасын іске асыруда. Оның аясында Өскемен көпсалалы техникалық колледжінде, Аманжолов ат. ШҚМУ-нің Жоғары колледжінде және Аягөз политехникалық колледжінде арнайы оқу сыныптарын заманауи жабдықтармен жарақтандырды. Оған қоса, компания Аягөз қаласының политехникалық колледжінің студенттеріне арналған жатақхана құрылысын қаржыландырды, онда басқа қаладан келген 100-ден астам студент тұра алады.

«Білім беру саласын және жас мамандарды қолдау – біздің әлеуметтік инвестициялар жөніндегі ауқымды бағдарламамыздың басым бағыттарының бірі. Түлектер Қазақстанда баламасы жоқ озық құрал-жабдықтарда жұмыс істей отырып, біздің заманауи кәсіпорындарымызда тәжірибе жинақтап жатқаны қуантады. Жас мамандар өнімділік пен еңбек қауіпсіздігіне негізделген біздің корпоративтік мәдениетімізді сіңіреді. Сөйтіп, Қазақстанда әлемдік деңгейдегі кеніштерді салған KAZ Minerals компаниясы жергілікті кадрлардың кәсіби деңгейін арттыруға айтарлықтай үлес қосуда. Біз жастарға автоматтандырылған өндіріс әлеміне есік ашып, олардың бәсекеге қабілеттілігін, сондай-ақ, жалпы KAZ Minerals Тобының бәсекеге қабілеттілігін арттырамыз», - деп мәлімдеді «KAZ Minerals Management» басқарма төрағасы Эльдар Мамедов. 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив