KZ
Өскемен
+11°
переменная облачность жел 3 м/с, В
449.58 486.94 4.86

Қазақстанда автокөлікті тіркеуден шығару: нені білу керек

19.07.2022, 14:55 294

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, көлікті тіркеуден шығарған кезде мемлекеттік тіркеу белгілері Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына тапсырылып, кейін жойылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сондай-ақ ерекше жағдайлар да бар, көлік иесінің өтініші бойынша оларды сонда сақтауға болады.

Берілген мемлекеттік тіркеу нөмірін алты айға дейін сақтауға тек көлік иесінің өтініші бойынша ғана рұқсат етіледі, бұл ретте мемлекеттік нөмір қолданыстағы ұлттық стандарттың талаптарына сәйкес болуы керек. Оқылмайтын, мыжылған, тозған, бұрғыланған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері сақтауға қабылданбайды, - деп хабарлайды ШҚО ПД баспасөз қызметі. 

30 күнтізбелік күн өткенге дейін сақталған нөмірлер мемлекеттік баж төлемінсіз беріледі.

Қолданылған мемлекеттік тіркеу нөмірі көлік құралдарының басқа иелеріне берілмейді. Көлік иесінің өтініші бойынша бұрын тапсырылған және ұлттық стандарт талаптарына сәйкес келетін мемлекеттік тіркеу нөмірі иесіне жаңадан алынған көлік құралына қайта рәсімделуі мүмкін.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив