Өскемен
-29°
переменная облачность ветер 1 м/с, ЮВ
468.9 485.64 7.7

Рейстердің кешігуі және азаматтардың шағымына байланысты тергеу жүргізілетін болды

18.07.2022, 11:28 1 0
Рейстердің кешігуі және ел азаматтарының шағым арызына байланысты ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті тиісті тергеу амалдарын жүргізетін болады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Әлеуметтік желілердегі Air Astana және FlyArystan авиакомпанияларының Алматы - Мале, Нұр-Сұлтан-Ташкент және Алматы - Қостанай рейстері, сондай-ақ басқа да бағыттар бойынша кешігу фактілеріне қатысты жолаушылардың көптеген өтініштеріне байланысты ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті және Қазақстанның авиациялық әкімшілігі тиісті тергеу жүргізетін болады. Рейстерді кешіктіру немесе орындалмаған кезде жолаушылардың құқықтарын бұзу фактілері анықталған жағдайда, авиакомпаниялар әкімшілік жауапкершілікке тартылады", - делінген хабарламада. 
Комитеттегілер аталған рейстердің жолаушыларына cc@caakz.kz электрондық мекенжай бойынша жазбаша өтініштерін жолдауды сұрайды.
"Сонымен қатар, тасымалдаушының кінәсінен рейс кідірген немесе орындалмаған жағдайда, қолданыстағы заңнамаға сәйкес, жолаушыларға тегін негізде ана мен бала бөлмесі, рейсті 2 сағат күткен кезде салқын сусындар, 4 сағат күткен кезде ыстық тамақ (бұдан әрі күндізгі уақытта әрбір 6 сағат және түнгі уақытта 8 сағат), сондай-ақ рейсті кері қайтарған кезде ыстық тамақ беріледі. Сондай-ақ күндізгі уақытта 8 сағаттан артық және түнгі уақытта 6 сағаттан артық рейсті күткен кезде қонақ үйде тұру және тұратын жеріне дейін және әуежайға апаратын көлік беріледі", - деп көрсетілген комитеттің хабарламасында. 
Бұған дейін Air Astana әуе компаниясына тиесілі бірнеше рейс уақытынан кешігіп жатқаны туралы хабарланған. Ұшақтардың кешігу себебін ұшақты басқасына ауыстырумен түсіндірілген еді.

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив