KZ
Өскемен
+7°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, З
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

80 талапкерді ветеринария мамандығы бойынша бюджет есебінен оқытуға дайын – ШҚО

15.07.2022, 16:13 242

ШҚО әкімі Даниал Ахметов талапкерлердің жоғары оқу орындарында білім алуы үшін облыстық бюджеттен бөлінетін гранттар санының артатынын хабарлады.

- Биыл ауылшаруашылығы саласына баса назар аударылуда. «Жылына 400 грант бөлетінбіз, биыл оның саны 470 болады. Әр ауылдан келген 80 баламызды ауыл шаруашылығы, атап айтқанда, ветеринария мамандығына оқытамыз», - деді Даниал Ахметов.

Аймақ басшысы қазір бұл саланың басымдыққа ие екенін және гранттардың арқасында жастар болашақта «тренд» мамандықтарды емес. шын мәнінде қажетті мамандықтарды таңдауы мүмкін екенін айтты. Сондай-ақ Даниал Ахметов келесі жылы да ауыл секторына грант бөлу үрдісі жалғасатынын жеткізді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив