Өскемен
-23°
плотный туман ветер 1 м/с, С
472.17 495.5 7.57

ШҚО-дағы медициналық ұйымдар жоғары технологиялық медициналық көмектің 27 түрін көрсетеді

15.07.2022, 14:41 4 0

Шығыс Қазақстанда халықты вакцинациялау жұмыстары жалғасуда. Қайта вакцинациялауға жататындардың 83 пайызы қайта вакцинациядан өтті. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде ШҚО әкімі Даниал Ахметов айтып берді.

Вируспен күресуден басқа, өңірдің денсаулық сақтау жүйесінің басымдығы - ана мен баланы қорғау, онкологиялық аурулармен және қан айналымы жүйесінің ауруларымен күрес сияқты бағыттар бойынша медициналық мекемелердің материалдық-техникалық базасын нығайту.

- Ағымдағы жылы денсаулық сақтауға барлығы 32 млрд.теңге бюджет қаражаты көзделген. Жетекші шетелдік клиникаларда медицина кадрларын оқыту бағдарламасын іске асыру жалғасуда. 6 мың медицина қызметкері оқудан өтті, оның ішінде 341 дәрігер шетелде, - деді Даниал Ахметов. 

Облыс бойынша жоғары технологиялық медициналық көмек бес жылда 5,2 есеге артты.

- Бүгінгі таңда облыста медициналық ұйымдар жоғары технологиялық медициналық көмектің 27 түрін көрсетеді. Айта кетейік, ағымдағы жылы бұл үшін 839 млн.теңге қарастырылған, - деп мәлімдеді Д. Ахметов.

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив