Өскемен
-18°
туман ветер 2 м/с, СЗ
468.98 493.74 7.59

Президент халықтың табысы жайлы: мұндай құлдырау көптен бері болған емес

14.07.2022, 12:44 9 0

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар облыста қазақстандықтардың табысы айтарлықтай төмендеп кеткенін мәлімдеді. 
Мемлекет басшысы соңғы жылдары халықтың табысы біртіндеп өскенін айтты. Былтыр бұл өсім 5 пайыз шамасында болды.

"Бірақ Алматы, Атырау, Қызылорда, Маңғыстау және Түркістан облыстарында жұрттың табысы орташа республикалық деңгейге жетпейді. Бұл көрсеткіш Алматы және Шымкент қалаларында да төмен. Ал Қызылорда облысында халықтың табысы тіпті азайып кетті. Биыл мамыр айында азаматтардың нақты табысының көрсеткіші минус 2,9 пайыз болды. Мұндай құлдырау көптен бері болған емес", - деді президент үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Тоқаев Халықтың табысын арттыру бағдарламасының халыққа тигізіп жатқан пайдасы шамалы екенін мәлімдеді.

"Ең алдымен, жергілікті жерлерде тиімді жұмыс жүргізілуі керек. Әкімдер жыл сайын әрбір 10 мың тұрғынға 100 жаңа жұмыс орнын ашуға тиіс. Менің білуімше, бұл бағытта нақты нәтиже жоқ", - деді ол.

Президент әкімдердің жұмысын бағалаған кезде осы көрсеткішке баса мән беруді тапсырды.

"Жұмыс орындарын ашу жұрттың әлеуметтік жағдайына тікелей әсер етеді. Экономиканың тұрақты дамуы да осыған байланысты. Сондықтан үкімет әкімдермен бірлесіп, бұл міндеттің қалай орындалып жатқанын талдауға тиіс", - деді Тоқаев. 

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив