KZ
Өскемен
+10°
ясно жел 6 м/с, С
443.85 474.3 4.8

Желіде фейк тарауда: «Дәріханаларда кісі өлтіретін парацетамол сатылып жатыр»

14.07.2022, 10:59 233
Әлеуметтік желі мен мессенджерлерде қазақстандық дәріханаларда сатылатын «Парацетамол» 7 күннен кейін өлімге әкеледі деген ақпарат тарады. Мұндай препарат Израильде Палестина нарығына тарату үшін жасалған-мыс, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл - фейк. Назар аударарлық жайт, хабарламада суреті ұсынылған дәрі-дәрмектің қаптамасында өндіруші компанияның атауы көрсетілген – Apex. Бұл парацетамол шығаратын үнді фармацевтикалық компаниясы, бірақ оның қауіптілігі туралы хабарланбаған. Бұл парацетамолдың Израильде өндірілмегенін дәлелдейді, яғни хабарламаның басым бөлігі фейк, делінген StopFake.kz хабарламасында. 
Бұдан басқа, Израильде шығарылған аса қауіпті «парацетамол» туралы ақпарат желіде көп уақыттан бері әртүрлі вариацияларда таратылып келеді. Ең алғашқы нұсқалардың біріне сәйкес, таблеткаларда улы сым болған екен. Кейіннен ақпаратта израильдік «парацетамолдың» құрамында өте қауіпті мачупо вирусы бар деп жаза бастады.
2017 жылы хабарлама Қазақстанға да жетті. Оны Фармация комитеті жоққа шығарып, мұндай «парацетамол» елімізде жоқ деп мәлімдеді.
«Парацетамол» бес күнде адамды өлтіреді деген ақпарат желіде пандемия басталғалы таралуда. Ол кезде қауіпті дәрі COVID-19 жұқтырған науқастарын емдеу үшін қолданылады деп жазды. Бұл ақпаратты литвалық және украиндық  фактчекерлер бірден жоққа шығарды.
Қорыта айтқанда, 7 күнде өлімге әкелетін «Парацетамол» туралы хабарламалар желіде қайтадан тарала бастаған ескі фейктің модификациясы болып табылады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив