Өскемен
-14°
переменная облачность ветер 1 м/с, С
462.36 493.48 5.99

Дыбысты статус: WhatsApp-та жаңа мүмкіндік пайда болады

13.07.2022, 17:11 45 0
WhatsApp әзірлеушілері мессенджердегі статус салу функциясының жақсаратынын айтты. Жаңа мүмкіндіктер Android қосымшасының бета-нұсқасында пайда болады. 

WhatsApp дауыс жазбаларын қосу арқылы статус функциясын кеңейтуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Wabetainfo.com.

Әзірлеушілер статусты жаңарту үшін дауыстық жазбаны жылдам жіберуге мүмкіндік беретін жаңа белгіше болатынын айтты.

Мұндай жазба статусын құпиялық параметрінде таңдалған адамдарға ғана көрсетуге мүмкіндік бар. Сонда статусыңыз бөлісілген басқа суреттер мен бейнелер сияқты толығымен шифрланады.

Мұндай мүмкіндік әзірленіп жатыр. Мессенджердің тұрақты нұсқасында опция қашан пайда болатыны әлі белгісіз.

Бұған дейін WhatsApp-тағы статусты жасыру мүмкіндігі болатыны хабарланған еді.

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив